Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерінің бос орындарына конкурс жариялайды
«№40 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерінің бос орындарына конкурс жариялайды
1 | Білім беру ұйымының атауы | Шығыс Қазақста облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№40 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Орналасқан орны, пошталық мекенжайын | 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, Ю.Уәлиев көшесі, ғимарат 5/1 | |
телефон нөмірлері | 87232-40-11-14, тел: 87056398428 | |
электрондық пошта мекенжайлары | ||
2 | Атауы бос немесе уақытша бос лауазым жүктемесі | Орыс тілі пәні мұғалімі – 16 сағат, тұрақты жұмыс орыны Математика пәні мұғалімі – 16 сағат, 2 бірлік тұрақты жұмыс орны Ағылшын тілі мұғалімі – 16 сағат, тұрақты жұмыс орны Информатика пәні мұғалімі 16 сағат, тұрақты жұмыс орны Химия пәні мұғалімі – 14 сағат, тұрақты жұмыс орны Тарих пәні мұғалімі – 16 сағат, тұрақты жұмыс орны |
еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары | Шамамен еңбекақысы 205072 тг бастап | |
3 | Біліктілік кандидат қа қойылатын талаптар бекітілген Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог | жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. |
Лауазымдық міндеттері | Міндеттері: 1. Білім алушыларды оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "құндылықтарға негізделген білім беру"тұжырымдамасы негізінде оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. 2. Білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді. 3. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады. 4. Қысқа мерзімді жоспарлар, бөлімге жиынтық бағалау және тоқсанға жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды. 5. Электрондық журналдарды толтырады. 6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелі-белсенділік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 7. Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады. 8. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады. 9. Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды. 10. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. 11. Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. 12. Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындайды. 13. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады. Талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші. 1. Мұғалім өз қызметінде тиісті кәсіби құзыреттерге ие болуға; оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаттарын сақтауға, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес оқыту мен тәрбиелеу сапасын қамтамасыз етуге; 2. өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз; жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санатының деңгейін кемінде бес жылда бір рет арттыруға (растауға); 3. педагогикалық этиканы сақтау; 4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімді медициналық қарап-тексеруден өтуге; 5. білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; балаларды заңға, адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-аналарына, үлкендеріне, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге, жоғары адамгершілікке, патриотизмге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу; ата-аналардың білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдылары, құзыреттіліктері, дербестігі, шығармашылық қабілеттері және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру; 6. өмірлік қиын жағдайға тап болған баланы анықтау фактілері туралы білім беру ұйымының басшылығына дереу хабарлауға; кәмелетке толмағандардың қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар, оның ішінде ұйымнан тыс кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасау фактілері туралы немесе оларға қатысты құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымының басшылығына дереу хабарлауға міндетті; білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты қорқыту (буллинг) белгілеріне ол анықталған жағдайда дереу білім беру орынның әкімшілігіне хабарлауға міндетті. 7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауға міндетті. 8. Педагог білім беру процесін саяси үгіт-насихат жүргізу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де наным-сенімдерді қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілілік белгісі бойынша азаматтардың айрықша, артықшылығын не кемістігін насихаттайтын үгіт-насихат жүргізу үшін пайдалануға құқылы емес, олардың дінге деген қарым-қатынасы, оның ішінде білім алушыларға тарихи, ұлттық құндылықтар туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы, Қазақстан Республикасы ұлттары мен ұлыстарының діни және мәдени дәстүрлеріне, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттерге жол бермеу. | |
4 | Құжаттарды қабылдау мерзімі | 18.08.2025-26.08.2025ж |
5 | Қажетті құжаттардың тізбесі | 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат; 11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; 12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. |
6 | Мерзімі уақытша бос лауазым |