«Жалпы орта білім беретін ұйымның педагог -ассистенті» бос орынға конкурс жариялайды
«№40 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі
«Жалпы орта білім беретін ұйымның педагог -ассистенті» бос орынға конкурс жариялайды
1 | Білім беру ұйымының атауы | Шығыс Қазақста облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№40 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Орналасқан орны, пошталық мекенжайын | 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, Ю.Уәлиев көшесі, ғимарат 5/1 | |
телефон нөмірлері | 87232-40-11-14, тел: 87056398428 | |
электрондық пошта мекенжайлары | ||
2 | Атауы бос немесе уақытша бос лауазым жүктемесі | Педагог- ассистент – 1 бірлік, тұрақты жұмыс орыны |
еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары | Шамамен еңбекақысы 135 156 тг бастап | |
3 | Біліктілік кандидат қа қойылатын талаптар бекітілген Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог | жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. |
Лауазымдық міндеттері | Міндеттері: Жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарында болған барлық уақыт ішінде, олардың дербес қызметі денсаулық жағдайы бойынша шектелген жағдайда, ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға көмек көрсетеді. Көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға орнын ауыстыру, өзіне-өзі қызмет көрсету (киінуге, шешінуге көмек көрсетеді), емдеу-алдын алу іс-шараларына ілесіп жүруге. көмек көрсетеді. Мұғалімнің басшылығымен білім беру, түзету-дамыту процестеріне қатысады. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарына сәйкес мұғалімге, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарына көмек көрсетеді. Инклюзивті білім беру процесіне қатысушылар арасындағы қақтығыстардың алдын алуға қатысады, сондай-ақ сыныптағы білім алушылардың теріс мінез-құлқын алдын алады және жеңеді. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларды тексеруіне, сондай-ақ жеке білім беру бағдарламаларын (оқу жоспарларын), оның ішінде мінез-құлық бағдарламаларын құрастыруға қатысады, оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қысқартылған (бейімделген) оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Оқыту және түзету-дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы туралы мәліметтерді жинауды, жеке білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін хаттамалауды, оқушының оқу, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларының даму динамикасын, оқыту процесінің динамикасын және оқушының әлеуметтенуін мониторингілеу үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мұғалімдері мен мамандарына ақпарат беруді жүзеге асырады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің қажетті жағдайларын сақтайды, жүргізу кезеңінде қорғау педагогикалық режимін сақтайды. Әртүрлі нанымдар мен көзқарастарға төзімділікті, білім беру процесіне қатысушылардың мәдени әр алуандығына ашықтықты көрсетеді және инклюзивті білім беруді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарға қоғамның толерантты көзқарасын насихаттауды жүзеге асырады. Белгіленген нысан бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. 69. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдарды, білім саласындағы уәкілетті орган ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және ұстау, жас және арнайы психология мен педагогиканы, Психодиагностика негіздерін, білім алушылардың мінез-құлқын алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін, инновациялық психологиялық-педагогикалық технологияларды, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудің интерактивті әдістері мен тәсілдерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды. | |
4 | Құжаттарды қабылдау мерзімі | 01.12.2025-10.12.2025 |
5 | Қажетті құжаттардың тізбесі | 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат; 11) осы Қағидаларға12, 13-қосымшаларғасәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; 12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. |
6 | Мерзімі уақытша бос лауазым |